Қазақстан • 25 Мамыр, 2022

Қазақстанда кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылдың жаңа қадамдары енгізіледі

3716 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылдың жаңа қадамдары енгізіледі

«Аталған заң жобасы Мәжіліске Парламент депутаттарының бастамасымен 2022 жылғы 23 мамырда енгізілді. Құжат кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсартуға, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық іс-шараларын әзірлеу тобының халықаралық стандартын іске асыру мақсатында әзірленді. Қаржы және бюджет комитеті заң жобасы бойынша 2022 жылғы 30 желтоқсанға дейін қорытынды әзірлеуге дайын», деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов.

Сонымен қатар Мәжілістің қарауына «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да енгізілді.