Қазақстан • 25 Мамыр, 2022

«Самұрық-Қазына» қоры ғылымды дамыту орталығын құрды

388 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» АҚ «Center for Scientific and Technological Initiatives Ltd.» - Ғылыми-технологиялық бастамалар орталығын құрды, деп жазады Egemen.kz.

«Самұрық-Қазына» қоры ғылымды дамыту орталығын құрды

2022 жылғы сәуірде «Астана» халықаралық қаржы орталығында жаңа ұйым тіркелді. Орталықтың міндеті – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) арқылы компаниялардың өсуі мен дамуының тұрақты тетігін құруды қамтамасыз ету, яғни активтердің кірістілігін арттыру және еңбек өнімділігінің артуын ынталандыру болып табылады.

Мемлекет басшысының ҒЗТКЖ мен инновацияларға арналған қаражатты пайдаланудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін «Самұрық-Қазына» АҚ жер қойнауын пайдаланушы портфельдік компанияларының қаражатын және ҒЗТКЖ қызметін ғылыми орталыққа шоғырландыру туралы шешім қабылданды.

ҒЗТКЖ-ны бір орталыққа шоғырландыру ғылыми қоғамдастық шеше алатын мәселелердің «маркетплейсі» тәсілін іске асыруға мүмкіндік береді. Ғылыми-инновациялық жобаларды орындаушылар отандық ҒЗИ, университеттер, ғылыми орталықтар мен технологиялық компаниялар арасында ашық конкурстар негізінде таңдалады. Жобаларды коммерцияландыру және жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашу да ҒЗТКЖ мен инновациялық қызмет тиімділігі көрсеткіштерінің бірі  болуға тиіс.

Орталық қазақстандық ғалымдардың шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылы шеңберінде ақпарат алмасуға жетекшілік жасайды. Сондай-ақ отандық ғылымды қолдау және заманауи технологияларды реттеу бойынша заңнамалық бастамалар жасай отырып, ҚР Үкіметімен тығыз байланыста болады. 

Осы жылға жоспарланған бірінші кезектегі жобаларының қатарында:

  • Кесек күкірттен ауыл шаруашылығына қажетті фунгицидтер - мұнай өндіру кезінде жанама өнім өндіруді зерттеу;
  • Құрамында сутегінің мөлшері көп газ беретін қабатқа су немесе ауа бермей, қоңыр көмірді жерасты газдандыру әдісін өнеркәсіптік сынау;
  • Жоғарғы Қайрақты кен орнында шоғырлы сілтісіздендіру әдісімен вольфрам өндіру мүмкіндігін зерттеу;
  • Уран өндіруге арналған жаңа жабдықты жасау, ұңғымаларды зерттеуге арналған аналитикалық құралдарды жасау;
  • Тепловоздарды магистральді т/ж желілеріндегі дизельдің орнына сұйытылған табиғи газ ауыстыру.