Аймақтар • 25 Мамыр, 2022

Референдум халықтың өз болашағын таңдауына мүмкіндік береді – депутат

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Нұрлан Бекназаров Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды және профессорлық-оқытушылық құраммен кездесті. Жүздесуде алдағы референдумдағы маңызды мәселелер мен азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтудың мүмкіндіктері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Референдум халықтың өз болашағын таңдауына мүмкіндік береді – депутат

Депутат еліміздің Конституциясына енгізілген өзгерістер мен 5 маусымда өтетін республикалық референдумның мәні туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сенатор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүкілхалықтық дауыс беруді өткізу жөніндегі бастамасы қазақстандықтарға өз болашағын таңдауға және сол арқылы жаңа Қазақстанды бірге құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Конституцияға Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі өзгерістер енгізу мен жаңа бастамаларды іске асыру еліміздің қарқынды дамуына оң ықпал етеді. Бұл ретте халықтың осы процеске белсенді қатысуға тамаша мүмкіндігі бар», деді Нұрлан Бекназаров.