19 Мамыр, 2010

ЖАРЫМЖАН ЖАРНАМАЛАРҒА ЖОЛ ЖОҚ

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жуырда қала көлемінде “Тілге құрмет – елге құрмет” деген тақырыппен айлық өткізілді. Аталған айлық аясында республи­камыздың “Тіл туралы” Заңының талаптарына сәйкес көрнекі ақпарат мәтіндерін дұрыс рәсім­деу бойынша түсіндірме жұмыс­тары жүргізіліп, мемлекеттік ор­ган­дармен және қоғамдық ұйым­дармен бірлесе отырып тексеру рейдтері ұйымдастырылды. Мұ­ның сыртында шағын және орта кәсіппен шұғылданып жатқан кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсетілді. Айлық соңында “Көрнекі ақпарат тілі: тәжірибе және өзекті мәселелер” деген тақырыпта се­ми­нар-кеңес өткізілді.Ондағы мақсат қаладағы көрнекі ақпарат­тың тілін реттестіріп, бір ізге кел­тіру еді. Соған орай жиын бары­­сында тәжірибе алмасып, ой бөлісілді, қалалық жарнама агент­тік­теріне нұсқау берілді. Семинарға қаладағы өндірістік кәсіпорындар, ірі сауда орта­лық­тары, жолаушыларды тасы­мал­дау­мен айналысатын компа­ния­лар, банктер және жарнама агенттік өкілдері шақырылды. Семинар барысында қалалық прокуратура қызмет­керлері, қала­лық сәулет және қала құрылысы бөлімінің, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің қыз­меткерлері күн тәр­ті­біндегі мәселелер жөнінде баян­дама жасап, заң баптарына түсін­дірме берді. Сонымен бірге семинарға қатысушылар тарапы­нан қойылған сауалдарға дәйекті жауап айтылды. Семинар соңында оған қаты­су­шыларға методикалық және үлгі материалдары таратылды. Ендігі жерде қала көшелерінде жарымжан жарнамаларға жол берілмейтіндігіне сенгің-ақ келе­ді. Солай болғай да! Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, СЕМЕЙ.