Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен XХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарына Ұлттық құрама сапында Жамбыл облысынан 13 спортшы қатысып, 11 медаль иеленген еді. Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов жүлдегерлермен кездесіп, спортшыларға пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еркін күрестен 2-орын иеленген Ғабит Есжанов пен Ғасыр Тұрғынбайға, дзюдодан 2-орын алған Анна Крамороваға 2 бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды. Ал, таэквондодан 3-орын иеленген Олжас Рысжановқа, грек-рим күресінен 3-орын алған Асан Нұржанға, дзюдодан 3-орын алған Фериде Кара оглыға 1 бөлмелі пәтердің сертификаттары тапсырылды.
Сондай-ақ дзюдо, грек-рим, еркін күрестерінен және жеңіл атлетика мен жүзуден түрлі орындардан көрінген спортшылар Айдос Түгелбаев, Эвелина Егембердиева, Абзал Досжанов, Шыңғысхан Әлдибаев, Яна Сибирякова, Руслан Раимбеков, Софья Закутнаяға естелік сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, жаттықтырушылар Ерназар Қонысбаев (еркін күрестен), Александр Ан (таэквондо), Ринат Исмаилов (грек-рим күресі), Аскар Усубалиевке (жүзу) және спортшыларға Алғыс хаттар мен арнайы сертификаттар табысталды.
Облыс әкімі ел намысын қорғап, нәтижелі өнер көрсеткен спортшыларды құттықтап, ризашылығын жеткізді. Жаттықтырушыларының да зор үлесін айрықша атап өтті. Сондай-ақ облыстың спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен оң көрсеткіштерге, бұл бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауқымды қолдаулар көрсетіліп жатқанына назар аударды.
Өз кезегінде жаттықтырушылар мен спортшылар ықылас білдірген облыс басшылығына ризашылықтарын айтып, арнайы жатақхана, спорт кешенін салу бойынша ұсыныстарын алға тартты.
Айта кетсек, XХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан Ұлттық құрамасының 65 ойыншысы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғады. Жалпы медальдік есепте 73 елдің арасында Ұлттық құрама 13-орынға тұрақтады.
Алматыдағы құрылыс базарында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 14:37
Теннисші Дмитрий Попко Испанияда чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 14:08
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар