Ерлан Қошанов алдағы референдум жайлы айтып, ел тағдырын шешетін ауқымды реформалардың мән-маңызын түсіндірді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы ұсынып отырған конституциялық реформалардың барлық салаға қатысы бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таяуда Президент Жарлығымен Ұлытау облысы қайта құрылды. Өздеріңізге белгілі, қазіргі Қарағанды – алып аймақ. Бір орталықтан мұндай өңірді басқарудың тиімсіз тұстары баршылық. Шалғай елді мекендерден облыс орталығына жету қолайсыздық тудыратын. Сондықтан бұл халық үніне құлақ асқан әділ әрі тиімді шешім деп есептеймін. Дегенмен, Қарағанды облысы еліміздегі ең ірі аймақтың бірі болып қала береді», деді Ерлан Қошанов.
Жиында Мәжіліс Төрағасы еліміздің саяси өміріндегі үлкен өзгерістерді айта келе, қазіргі әлемде болып жатқан күрделі үдерістерге бейімделіп, түрлі сынақтарға дайын болуы керектігін атап өтті.
«Қазір жаһан жұрты күрделі кезеңді бастан кешуде. Бүгінгі таңда біздің мемлекетімізде де ауқымды өзгерістер болып жатыр. Президент реформалары осы сын-қатерлерге берілген нақты жауап деп айтуға болады. Біз жаңа әрі әділетті Қазақстан құруға бет бұрдық», деді Палата Спикері.
Қазіргі таңда Мәжіліс депутаттары мен «AMANAT» партиясының мүшелері өңірлерде халықпен кездесуде.
«Жұртшылық Мемлекет басшысының бастамаларын жақсы қабылдап, қолдап жатыр. Ел болашағын айқындайтын осындай ауқымды реформалардың тағдырын халықтың өзі шешуі керек. Осы оймен Мемлекет басшысы референдум жариялады», деді Палата Спикері.
Сонымен қатар Ерлан Қошанов жасанды монополияларды түбегейлі жойып, азаматтарға тең мүмкіндік беру үшін мемлекет тарапынан үлкен шаруа атқарылып жатқанына назар аударды.
«Елімізде ашық саясаттың жаңа кезеңі басталайын деп отыр. Енді барлық саяси күштер сайлаушылардың нақты сұранысына басымдық береді. Сонымен бірге референдум мемлекеттің жаңа мақсаттарын жүзеге асыру болып саналады. Халық еліміздің сайлау жүйесіне сенуі керек. Бұл – билік легитимдігінің негізі. Сайлау саяси өміріміздегі қалыпты жағдайда айналуға тиіс. Біз бірте-бірте осыған келе жатырмыз», деді Мәжіліс Төрағасы.
Палата Спикері реформалардың басты мақсаты азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды негізге алатын әділетті қоғам құру екенін атап өтті.
«Қазір тұрғындардың көпшілігі мемлекеттік органдардың нормативтік актілеріне көңілі толмай отыр. Олар әртүрлі инстанцияларға шағымдануда. Адамдар өздерінің конституциялық құықтары бұзылып жатыр деп есептейді. Референдумнан кейін Конституциялық сот құрылады. Әр азамат осы органға немесе Адам құқықтары жөніндегі уәкілге шағымдана алады. Омбудсменге конституциялық мәртебе беріледі. Енді олар өз конституциялық құқығын қорғау үшін елордаға келмей-ақ, өңірлердегі уәкілдердің қызметіне жүгіне алады. Офистер барлық облыста ашылады», деді Ерлан Қошанов.
Одан әрі Мәжіліс Спикері саяси жүйені кешенді жаңғырту мәселелеріне назар аударды. Онда Парламенттің рөлін айтарлықтай күшейтуге ерекше мән беріліп отыр.
Ерлан Қошанов бүгінде Парламент кез-келген ауданның бюджетін тексере алмайтынын, Парламент депутаттарында мұндай өкілеттік жоқ екенін айтты. Мәжіліс Төрағасының айтуынша, өңірлерге республикадан қыруар қаржы бөлінуде. Ал ел бюджетін бекітетін орган үшін оның қалай жұмсалатынын түсіну керек.
«Енді Есеп комитеті мен барлық тексеру комиссиялары Аудиторлық палатаға біріктіріліп, жылына екі рет Мәжіліс депутаттары алдында жария түрде есеп беретін болады. Бұл Мәжіліске бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Осылайша республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерді бақылай алады», деді Палата Спикері.
Сөз соңында Ерлан Қошанов облыс жұртшылығын республикалық референдумға белсенді қатысып, тарихи таңдау жасауға шақырды.
Кездесуден кейін «AMANAT» партиясының төрағасы жеке қабылдау өткізіп, облыс тұрғындарымен сөйлесті.
Палата Спикері жұмыс сапары барысында Теміртау қаласының жұртшылығымен кездесті. Онда 20 мың емделушіге арналған жаңадан ашылған емханаға барды. Ерлан Қошанов ем қабылдайтын кабинеттерді аралап, дәрігерлермен әңгімелесті. Одан кейін спорт дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды.
Кездесу барысында Теміртау қаласының белсендісі Олег Гусев Қазақстан әлемде болып жатқан барлық қиындықтарға қарамастан, көпұлтты қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, барша қиындықтарға төтеп бере алды деді.
«Ең бастысы – ішкі саяси тұрақтылықты сақтау. Президентіміз өте жауапты және тез шешім қабылдайды. Біз оған бірнеше рет куә болдық. Біз оның ішкі саяси тұрақтылық пен ел бірлігін сақтауға бағытталған саясатын қолдаймыз», деді ол.
Сапар аясында Мәжіліс Төрағасы Ленин атындағы шахтаның кеншілерімен, Абай ауданы Көксу кентінің ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен, сондай-ақ Шет ауданы С.Сейфуллин атындағы ауылдың жұртшылығымен кездесуді жоспарлап отыр.
Үндістанда көшкіннен қаза тапқандар саны 42-ге жетті
Әлем • Бүгін, 17:10
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:35
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:27
CОVID-19: Алматы қаласы қайта «сары» аймаққа өтті
Коронавирус • Бүгін, 16:20
Мемлекет басшысы Еуропа одағының президентін Қазақстанға шақырды
Президент • Бүгін, 16:14
Қырғызстанда қазақтар қауымдастығының экс-басшысы сотталды
Қоғам • Бүгін, 16:06
Атырауда дизель отынын заңсыз сатқандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:55
Жыл басынан бері жол апатынан мыңға жуық адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:44
Қазақстанда Қызыл кітаптың онлайн нұсқасы пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 15:34
Әскери гарнизондардан 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған
Қазақстан • Бүгін, 15:21
Үндістанда автобус шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:16
Алматыда үшінші вокзал салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Ресей шекарадағы барлық шектеулерді алып тастайды
Әлем • Бүгін, 14:48
Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:34
Әлихан Смайылов ресейлік ірі компания басшыларымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 14:27
Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:18
Экономика • Бүгін, 14:08
Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу керек – Ералы Тоғжанов
Қазақстан • Бүгін, 13:55
Алматыда сауда орталығына тағы «бомба қойылды»
Оқиға • Бүгін, 13:40
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 13:33
AsiaCredit Bank-тің мүлкін ұрлауға қатысты іс тергеліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:02
Талдықорғанда қоқыс жәшігінен нәресте табылды
Оқиға • Бүгін, 12:53
Велошерушілер елордаға бет алды
Спорт • Бүгін, 12:43
Ішкі істер органдарында бірқатар тағайындау болды
Қоғам • Бүгін, 12:35
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:28
Қазақстанда қылмыс тыйылмай тұр
Қоғам • Бүгін, 12:19
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:08
Оқушыларды бұрын сотталған адамдар тасымалдаған – Бас прокуратура
Оқиға • Бүгін, 11:57
Қазақстанда таратылатын 9 банктің салымшылары ақшасын алды
Экономика • Бүгін, 11:49
Құрбан айт: Қазақстанда арнайы сайт іске қосылды
Руханият • Бүгін, 11:37
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында Арал теңізінің проблемалары талқыланды
Парламент • Бүгін, 11:28
Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 11:13
Биыл 30 мың шақырым жолға арнайы белгілер орнатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:53
Мәдениет саласындағы Елбасы стипендиясының атауын өзгерту ұсынылды
Білім • Бүгін, 10:38
Биыл 7,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • Бүгін, 10:19
Елордада тыйым салынған аймақта суға түскен оқушы көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 10:08
Ақтауда 109 жедел желісі іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 09:51
Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Ұқсас жаңалықтар