Қазақстан • 27 Мамыр, 2022

Көлік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Самат Ғилымов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Самат Қуанышұлы Ғилымов еңбек жолын 1981 жылы Атырау қаласындағы Қосшағыл совхозында бастаған.

Әр жылдары Атырау облысы совхоздарында слесарь, машина алаңы меңгерушісі, бас инженер болып жұмыс істеді. Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеген.

1998-2002 жылдары ҚР Салық (қаржы) полициясы органдарында еңбек еткен.

2002-2005 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2008-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары — Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасы.