Қазақстан • 28 Мамыр, 2022

Каспий теңізі бойынша Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының отырысы өтті

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-24 мамырда Тегеранда Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Каспий теңізі бойынша Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының отырысы өтті

Келіссөздерге Қазақстан Республикасының (басшысы – З.А.Аманжолова), Әзербайжан Республикасының (басшысы – Х.А.Халафов), Ресей Федерациясының (басшысы – М.И.Петраков) және Түрікменстанның (басшысы – М.Г.Атаджанов) делегациялары қатысты. Отырыста Иран Ислам Республикасы делегациясының басшысы М. Баримани төрағалық етті.

«Отырыстың күн тәртібіне сәйкес Каспий теңізінде тікелей бастапқы сызықтарды белгілеу әдістемесі туралы келісім жобасы талқыланды. Бұл құжатты келісу одан әрі жалғасатын болады. Тараптар Түрікменстанда өтуі жоспарланған Алтыншы Каспий саммитіне дайындалуға қатысты мәселелерді қарастырды, сондай-ақ Каспий теңізіндегі ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша пікір алмасты. Делегациялар өткен келіссөздерге оң баға беріп, отырысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Иран Ислам Республикасына ризашылықтарын білдірді», делінген хабарламада.

ҚР СІМ мәліметінше, Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының келесі отырысы Түрікменстанда өтеді. Оның датасы дипломатиялық арналар арқылы келісілетін болады.

 

Соңғы жаңалықтар