Оқиға • 29 Мамыр, 2022

Павлодар облысында күнбағыс майы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы Успенка ауылының маңында 10 тонна күнбағыс майы тиелген жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында күнбағыс майы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Оқиға орнынан видеоны куәгерлер Instagram-да жариялады. Кадрларда тасжолда жанып жатқан автомобиль қалған көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп тұрғаны көрінеді. Сондай-ақ, жүк көлігінің жанында шөп жанып жатыр.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 28 мамырда сағат 12.06-да түскен.

«Республикалық маңызы бар Павлодар - Успенка - РФ автожолында пластик ыдысқа құйылған шамамен 10 тонна өсімдік майы тиелген 2004 жылы шығарылған Krone ZZF 18 маркалы тартқыш толығымен жанып кетті», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

«Жүк Новосібірден Бішкекке қарай Қазақстан шекарасы арқылы бара жатқан. Сондай-ақ, ауданы 500 шаршы метр және 4 гектар болатын екі ошақта құрғақ шөп өртенді. Өрт сағат 14.40-та сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», деді ведомство өкілдері.

 

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Бүгін, 09:35

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Бүгін, 09:30

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Бүгін, 08:55

Рухани құлдыраудың ащы шындығы

Руханият • Бүгін, 08:48

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Бүгін, 08:43