Оқиға • 29 Мамыр, 2022

Павлодар облысында уланған алтыншы адам қайтыс болды

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында белгісіз затпен уланып, қайтыс болғандар саны алтыға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында уланған алтыншы адам қайтыс болды

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

«1980 жылғы науқастың жағдайы өте ауыр болды. Ол 29 мамырда таңертең қайтыс болды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір жансақтау бөлімінде Ертістен Павлодардың қалалық ауруханасына жеткізілген тағы бір ер адам бар. Оның жағдайы да өте ауыр.

Еске салайық, Павлодар облысының Ертіс ауылында 7 ер адам белгісіз затпен уланды. Олардың бәрі ауыл тұрғындарының бірінде канистрде сақталған белгісіз сұйықтықты ішкен. Уланғандардың үшеуі үйде, тағы екеуі Ертіс ауданының аудандық ауруханасында қайтыс болды. Кейінірек тағы бір адам қайтыс болғаны белгі болды. Марқұмдардың арасында әке мен ұлы бар.

Аталған дерек бойынша полицейлер тексеріс жүргізіп, ауыл тұрғындарының денелері сот сараптамасына тапсырылды. Сондай-ақ, канистрдегі сұйықтық қалдықтарына сараптама тағайындалды.



 

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Бүгін, 09:35

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Бүгін, 09:30

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Бүгін, 08:55

Рухани құлдыраудың ащы шындығы

Руханият • Бүгін, 08:48

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Бүгін, 08:43