Қазақстан • 29 Мамыр, 2022

Қазақстан Еуропаға жаңа рейстер ашып жатыр

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда халықаралық рейстер саны 433-ке дейін өседі, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан Еуропаға жаңа рейстер ашып жатыр

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және әлемдегі карантиндік шектеулердің әлсіреуіне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалдардың бағыттық желісін қалпына келтіру және кеңейту бойынша жұмысты жалғастырады.

«Жазғы кезеңде туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында рейстер саны 99 бағыт бойынша (81-ден 99 бағытқа дейін) аптасына 81 рейске (352-ден аптасына 433 рейске дейін) артады», делінген хабарламада.

Ақпарат бойынша, Италия, Чехия және Грецияға жаңа рейстер ашылып жатыр. Түркия, Мысыр, Грузия, Ресейге рейстер ұлғаятыны хабарланды.