19 Мамыр, 2010

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЖАУЫМЫЗ, ОНЫМЕН БІРІГІП КҮРЕСУ ҚАЖЕТ

517 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Өскеменде “Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы дүниетанымды қалыптастыру – “Нұр Отан” ХДП жұмысының басты бағыты” де­ген тақырыпта халықаралық конференция болып өтті. Оның жұмысына  Парламент Се­натының депутаты, “Нұр Отан” ХДП жа­нын­дағы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық ке­ңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, Сенат, облыстық мәслихат депутаттары, қа­ла, аудан әкімдері мен орынбасарлары, құ­қық қорғау органдарының басшылары, елі­міздегі жоғары оқу орындарының рек­тор­ла­ры, ақпарат құралдарының өкілдері қа­тыс­ты. Конференцияны облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқтала кетті.  “Бүгінгі күні облыстың ат­қа­рушы билігі құқық қорғау ор­ган­да­рымен, “Нұр Отан” ХДП бөлім­шелерімен бірге, жемқорлыққа қарсы күрес жолында бірқатар шаралар атқаруда. Негізгі бағыттар – а­қ­па­рат­тық-насихаттық жұмыс, құқықтық са­наны қалыптастыру, іс-қызметтің мөл­дірл­і­гін қамтамасыз ету және халықпен жұ­мысты кеңейу, кадрлық саясатты жетілдіру, әкім­шілік кедергілерді азайту, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы жаппай қозғалысқа аза­маттық қоғам институттарын жұмылдыру өз нәтижесін беруде. Қазір облыста құ­қықтық білім беретін 752 мектеп жұмыс істеп тұр. Олардың 176-сы барлық деңгейдегі әкімдіктерде, 576-сы мемлекеттік органдарда қызмет етіп, оларда 26 мың адам құқықтық білім алады. Ал құқықтық білімді жетілдіру сыбайлас жемқорлыққа қарсы таптыр­май­тын күш”, – деді өңір басшысы өз сөзінде. Кенді Алтайда жемқорлықпен күрес жөніндегі 20 қоғамдық кеңес бар. Олардың құрамында партия мүшелері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, БАҚ-тардың бас­шы­лары бар. Облыс әкімі сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы атқарылып жатқан істер жө­нінде мынадай бір орынды пікір айтты. Мә­селен, өңір басшысының өзі қасына құқық қорғау органдарының басшыларын ертіп алып аудандарда жұртшылықпен кездесулер өткізген кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жайлы айтып, пайдалы кеңестер береді екен. Өздерін  толғандырған мәселелерге тұрғындар келелі кеңес алып қана қоймай, бұл бағытта атқарылып жатқан шаралармен кеңінен танысатын көрінеді. Мысалы, жақында Жарма ауданының бірнеше елді мекендерінде осындай маз­мұн­ды кездесулер өткен. Енді бұл үдеріс Ұлан ауданында жалғаспақ. Экономикалық және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының ор­ынбасары Самат Әшімбаев, Ұлттық қауіп­сіздік комитеті тергеу департаменті бас­ты­ғының бірінші орынбасары Нұрлан Жол­дасов жемқорлықпен күрестің маңызды еке­ніне тоқталып, өздері атқарып жатқан істері жайлы кеңінен мағлұмат берді. Б.Әшім­баев­т­ың айтуынша, өткен жылы 1486 сы­байлас жемқорлық оқиғасы орын алса, биылғы жыл­­­дың бірінші тоқсанда 468 оқиға тіркелген. Қазақстан гуманитарлық-саяси конъ­юнк­турасы орталығының вице-президенті, белгілі саясаттанушы, “Айтпарк” пікірталас клубының жетекшісі Н.Ерімбетовтің әңгімесін жұртшылық ынта қоя тыңдады. Ол қазақы менталитеттің көп ретте қыл­мыс­қа итермелейтінін тілге тиек етіп, адам­дар­дың байқаусызда пара алып қоюы жөнінен  қызықты деректер келтірді. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Ғ.Мүтәнов, “Жас Отан” ЖҚ кеңесінің мүшесі А.Го­робец, облыс прокуроры Қ.Төлегенов, тағы басқалардың баяндамасын да көпшілік ынта қоя тыңдады. Оралбай Әбдікәрімовтің баяндамасы мазмұнды болды. Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың өзі үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз күрес жүргізу қажеттігін айтып отырады. Жемқорлық – біздің негізгі жауымыз, оны бәріміз бірігіп күрескенде ғана жеңе аламыз деген сөзді ұмытпау керек. “Нұр Отан” ХДП-ның белсенділері бұл ба­ғытта үлкен істер атқарып жатыр. Осы жолы облыста болғанда тұрғындарды қабылдадық, арыз-мұңдарын жазып алдық, оның орындалуын қадағалаймыз. Сәрсенбі күні Семей қаласында да үлкен жиын өткізу ойда бар. Кенді Алтайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыстар жүргізіліп жат­қанына көз жеткіздік. Осы оң бағыттан айрылып қалмаңыздар,  деді О.Әбдікәрімов. Бұдан кейін өңір басшысы Б.Сапарбаев қо­рытынды сөз алып, жиынды түйіндеді. Оңдасын ЕЛУБАЙ, ӨСКЕМЕН.