Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін сағат таңғы 5:00 шамасында болған.
Полицияға облыс орталығындағы Жамбыл көшесі бойындағы үйдің 12 қабатынан бойжеткен қыздың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. 17 жасар қыз оқиға орнында көз жұмды.
«Петропавлда 17 жастағы қала тұрғынының суицид жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу аясында анықталады», делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.