Тампереде өткен Финляндия мен Канада хоккейшілері арасындағы финалдық кезеңнің негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталды. Овертаймда мықтылық танытқан Суоми елінің өкілдері өз жерлерінде өткен әлем чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды. Матч барысында мұзайдын иелерінен Микаэль Гранлунд (45 және 46-минут), Йоэль Армия (55) және Сакари Маннинен (67) мергендігімен көзге түссе, Канада сапынан Дилан Козенс (25), Зак Уайтклауд (58) және Максим Комтуа (59) шайба соқты. Осылайша, Финляндия құрамасы өз тарихында төртінші мәрте әлем чемпионы атанса, Канада 16 мәрте финалда жеңілді.
Ал үшінші орын үшін өткен сайыста Чехия хоккейшілері АҚШ құрамасын 8:4 есебімен жеңді.