Облыс әкімінің айтуынша, жер мәселесімен арнайы облыстық комиссия айналысып жатыр.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы 61 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, 167 мың гектарға қатысты материалдар қаралып жатыр.
Кездесу барысында аудан тұрғындары егістік, жайлым жерлердің жоқтығына қатысты сұрақтар қойды.
«Облыс әкімі қызметіне кіріскелі бері 12 аудан мен қала тұрғындарымен кездесу өткіздім. Осы кездесулерде әлеуметтік сипаттағы 200-ден астам проблемалық мәселе көтерілді. Бұл ретте әрбір ауданда пайдаланылмайтын жер учаскелері, жеке мал жаятын жайылымның жоқтығы туралы айтылды. Соңғы жылдары Ұйғыр ауданының тұрғындары жайылымдық және тұрғын үй құрылысы үшін жердің жетіспеуі, ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс бойынша алу, ірі шаруашылықтардың пайдаланусыз қалған жерлерін қайтару мәселелерін жиі көтеріп жүр. Суару жүйелерін жөндеуде аудан басшылығының нақты шаралар қабылдамауы да наразылық тудырып отыр», деді Қанат Бозымбаев.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан басшылығына тиісті тапсырмалар жүктелді.