«30 мамырда полиция бөліміне жергілікті тұрғынға қатысты шара қабылдау туралы арыз түсті. Арыз түсірген әйелдің айтуынша, ол үйлердің бірінің ауласында 2012 жылы туған ұлына дене жарақатын салған», деп түсіндірді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Полицейлер ойын алаңында ойнап жүрген балалар арасында жанжал туындағанын анықтады. Нәтижесінде ұлдардың бірі әкесіне шағымданған. Ер адам ұлын қорлаған балаға жақындап барып, бетінен ұрды.
Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 107-бабы, 2-бөлігі, 8-тармағы «Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.