Ауа райы • 01 Маусым, 2022

Бүгін ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады

156 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1 маусымда Қазақстанның басым бөлігіне Сібір циклоны әсер етеді, сондықтан ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай жарқылдайды, дауыл тұрып, бұршақ жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.



Бүгін ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады

Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың батысы мен солтүстік-батысында ғана Солтүстік антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ел бойынша жел күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз - 23 м/с.

Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күн күркіреп, бұршақ жауады. Таңертең және күндіз өңірдің солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының солтүстік-шығысында - найзағай, бұршақ, дауыл болады. Күндіз жел қарқыны - 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында 23 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында - найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз басым бөлігінде желдің күші - 15-20 м/с, күндіз екпіні - 25 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың шығысында жел - 17-22, екпіні 27 м/с дейін күшейеді. Қостанай ​​облысының шығысында түнде күн күркірейді. Күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшлейіп, шаңды дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел екпіні - 15-20 м/с. Күндіз Түркістан облысының тауларында - найзағай, дауыл. Күн күркіреген кезде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.