Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,2 млрд АҚШ доллары болған кезде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 115 млн АҚШ долларын құрады.
«Ұлттық валютаның нығаюына бірқатар фактор әсер етті, оның ішінде: энергия тасымалдаушылардың тұрақты жоғары бағасы мен экспорттаушылардың салықтық төлемдер кезеңі, жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына сұраныстың төмендеуіне байланысты нарыққа қатысушылардың сентиментінің өзгеруі, ресей рублінің де, тұтастай алғанда, дамушы елдердегі валюталардың бағамы да бар. Сонымен қатар валюта нарығындағы ұсыныс көлемі мамырда, шамамен, 598 млн АҚШ долларын құраған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы есебінен қолдау тапты», делінген Ұлттық Банктің хабарламасында.