Президент • 01 Маусым, 2022

Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығын қайта ашу керек - Тоқаев

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығын қайта ашу керек - Тоқаев

«2013 жылы мұнай-газ өндіру саласында кешенді жұмыс атқарылды. Оны ғылыми-технологиялық жағынан дамытудың жол картасы жасалды. Мұндай жұмыс барлық салада жүргізілуге тиіс. Мысалы, Оңтүстік Корея мен Жапонияда осы жұмысты арнаулы институттар атқарады. Олар ғылымды және технологияларды жоспарлаумен, бағалаумен айналысады, ғылыми-техникалық ақпаратты талдайды», деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанға да тың зерттеулер жүргізіп, технологияны дамыту ісін үйлестіретін орталық қажеттігін айтты.

«Сондықтан, бұрынғы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығын қайта ашу керек деп санаймын. Ғылыми қызметті тиімді басқару және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу – маңызды міндеттің бірі. Сол себепті, осы саладағы барлық үдерісті тезірек цифрландыру керек. IT саласындағы соңғы жетістіктерді пайдаланып, Қазақстан ғылымының бірыңғай экожүйесін қалыптастыруға тиіспіз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.