Әлем • 02 Маусым, 2022

АҚШ-та белгісіз біреу ауруханада атыс шығарды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тағы Оклахома штатының Талса қаласындағы ауруханада атыс болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz BBC сілтеме жасап.

АҚШ-та белгісіз біреу ауруханада атыс шығарды

Полиция қызметкерлері оқиға болған Киелі Франциск ауруханасына жеткенінде қарулы шабуылшы мерт болған. Әзірге аты-жөні белгісіз ер адам мылтық пен тапаншамен қаруланған.

Полиция бастығының орынбасары Эрик Далглиш атыс кезінде төрт бейбіт тұрғын мен оқ атқан адамның қаза тапқанын, сондай-ақ көптеген адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Полицияда шабуылдың не себеп болғаны жайлы ақпарат жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.