«АрселорМиттал Теміртау» АҚ - ішінара еуропалық компаниялардың бірі. Еуроодақ пен Қазақстан арасында кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы шарт жасалды. Соның арқасында Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы сауда тек дамып келеді. Бізге жасыл энергетика мен экономикаға көшу үшін серіктес қажет. Менің ойымша, Қазақстанға да жұмыс орындарын ашу үшін заманауи технологиялар, жаңа инвесторлар қажет. Жақын арада біз бұл тақырыпты Үкіметпен талқылайтын боламыз. Біз ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын іздестіру үшін бар күшімізді саламыз», деді Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кестутис Янкаускас мырза.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығы дипломаттар үшін металлургия комбинаты бойынша экскурсия өткізді. Қонақтар №3 домна пешіне барып, шойын өндіру процесін бақылады.
Одан әрі қонақтар ыстық мырыштау және алюминийлеу цехын аралап, жұмысымен танысты.
Еуропалық Одақ пен Нидерланд Корольдігі делегациясының Қазақстан Республикасындағы мүшелері компаниямен ынтымақтастықтың келешегі зор екенін атап өтті.
«Аталған металлургия комбинатында сапалы өнім өндірілетініне көзімізді жеткіздік», деп атап өтті Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Андре Карстенс мырза.