Референдум • 03 Маусым, 2022

Ел ертеңін айқындайды

308 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше облыс орталығында «Референдум: Әділетті Қа­зақ­стан жолында» атты Sarap сарапшылық клубының ай­мақтық оты­рысы өтті. Жиында конституциялық рефор­маның ма­ңыз­дылығы тілге тиек етіліп, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Ел ертеңін айқындайды

Іс-шараны Референдумды қоғамдық қолдау респуб­ли­калық штабының қолдауымен «Қазақ­стандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдас­тыр­­­ғанын атап өткен жөн. Атал­­ғ­ан мекеменің басқарма төрағасы Қазбек Майгелдинов еліміз жаңа тарихи кезеңге қа­дам басқанын айта келе, жұрт­­шылықты маңызды оқиға­дан қалыс қалмауға шақырды.

– Президент атап өткендей, конституциялық реформалар барлығына тең мүмкіндіктер мен тең жағдайларды қамтама­сыз етуге бағытталған. Еліміз­дің Не­гізгі Заңына Мемлекеттік бас­қару моделін өзгертетін және азаматтардың саяси процестерге ықпал ету мүм­­кіндіктерін күшейтетін елеу­­лі өзгерістер енгізілуде. Мем­лекет басшысы өзінің Жол­­дауында Президенттің өкілет­тілігін шектеу және әкім­дер мен мәслихаттарға жер­гі­лікті жерлерде шешім қа­былдау кезінде дербестік беру ар­қылы «қолмен басқару» тә­жі­рибесінен кету қажеттілігін айтқан болатын. Осыған байланысты Президенттің облыс және республикалық ма­ңызы бар қала әкімдерінің актілерін тоқтата тұру немесе олардың күшін жою жөніндегі құқығын, сондай-ақ аудан және ауыл әкімдерінің лауазымынан босату құқығын алып тастауға байланысты өзгерістер жоспарланып отыр. Президенттің мұндай өкі­лет­тіл­іктері жойылады. Бұл реформа жергiлiктi атқарушы ор­гандардың нығаюына, саяси жаң­ғыруына ықпал етуге тиiс, – деді Қ.Майгелдинов.

Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова павлодарлықтар белсенділердің қатарынан табылатынына сенім білдірді. Бұл ретте облыстың түкпір-түкпірінде тұрғындарды ақпа­рат­тандыру жұмыстары жүйелі жүргізілген.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумға байланысты жолдаған өзінің бейнеүндеуінде Конституциялық реформаның мақ­саты мен маңызын нақты түсіндірді. Ол бүкіл ха­лық­тың шешімі бойынша ауқымды сая­си өзгерістер жүр­­гізу қа­жет­­ті­гін атап өтті. Бәрі­міз бір­ге біздің жарқын бола­ша­ғы­­мыздың кепілі болып табы­латын конституциялық рефор­маны жүзеге асыруға үлес қосайық, – деді А.Құрманова.

Референдумды қоғамдық қолдау республикалық шта­бының облыстық өкілді­гінің төрағасы Серік Сәдуақасов халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсінді­ру жұ­мыс­­тарын жүргізу мақса­тын­­да өңір­лік қоғамдық штабын құрыл­ға­нын, бұл ретте тұр­ғын­дарға Конституцияға енгі­зілетін то­лықтыруларға түсініктеме беріл­генін жеткізді.

 

Павлодар облысы