Қазақстан • 03 Маусым, 2022

Қазақстан аумағында 19 СЭС салынады

612 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, 2025 жылға дейін Қазақстанда 19 су электр стансасы салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан аумағында 19 СЭС салынады

«Қазір республикада белгіленген қуаты 2065 МВт болатын 136 жаңартылатын энергия көзінің объектісі жұмыс істейді. Оның ішінде қуаты 684 МВт болатын 40 жел электр нысаны, 1093 МВт электр өндіретін 51 күн электр нысаны, жиынтық қуаты 280 МВт болатын 40 су электр нысаны, 8 МВт энергия өндіретін 5 биоэлектростанция бар. 2021 жылы жалпы қуаты 393 МВт болатын 19 нысан пайдалануға берілді. 2022 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша жаңартылатын энергетика объектілері өндірген электр қуатының көлемі - 933,07 млн кВт/с», деп жауап берді министр депутаттық сауалға.

Оның жауабына қарағанда, 2025 жылға дейін қуаты 1074 МВт болатын 53 жаңартылатын энергия көзінің жобасын пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде қуаты 129,77 МВт болатын 19 су электр станциясын, 812,39 МВт қуат өнідертін 23 жел электр станциясын, 116,95 МВт энергия шығаратын 7 күн электр станциясын, 15,35 МВт энергия беретін 4 биоэлектр станциясын салу көзделген.

«Аталған жобаларды іске асыру шеңберінде шамамен 600 млрд теңге инвестиция тартылады. Соның арқасында қосымша 3,5 млрд кВт/сағ жасыл энергия өндіріп, 6 000 уақытша және 600 тұрақты жұмыс орындарын құруға болады. Биыл жалпы қуаты 290,6 МВт болатын жаңартылатын энергия көзінің 10 объектісін іске асыру жоспарланып отыр», деп қосты министр.