«2005 жылы туған бала «Солдатский» жағажайы тұсында серфинг кезінде суға батып кеткен. ТЖД-нен 5 құтқарушы, 2 жүзу құралы және 1 техника, «Апаттар медицина орталығы» ММ-нен 3 қызметкер, 1 техника іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Баланың денесі бүгін сағат 08:35 шамасында табылды», деді Ақтау қалалық ТЖБ аға инженері Есен Борашев.