Қазақстан • 03 Маусым, 2022

«Жасыл ел» республикалық жастар жасағының жұмысы басталды

979 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz  ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жасыл ел» республикалық жастар жасағының жұмысы басталды

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы еліміздің барлық өңірінде басталды.

Маусымның ашылуы аясында экология саласындағы жетекші сарапшылардан пікірталас, семинар-практикумдар, білім беру сессиялары мен мастер-кластар түрінде тақырыптық алаңдар өтті.

«Жасыл ел»  жасақтарының қызметіне 16-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Айта кетейік, 2021 жылы жасаққа 30 000-нан астам жастар жұмысқа орналастырылды. Осы жылы да Қазақстан бойынша 30 мыңнан астам жасты жұмысқа тарту жоспарлануда.