21 Сәуір, 2014

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасынан 2 адам мерт болды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-14-Akmola-DTP

КӨКШЕТАУ. 21 сәуір. Ақмола облысында 3 машина соқтығысып, 2 адам өмірден озса, 3 жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы «ИА Новости-Казахстан» хабарлады. Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлағанындай, жол-көлік оқиғасы «Көкшетау-Атбасар» бағытындағы күре жолда орын алған. «Тойота-Камри» көлігінің жүргізушісі – 25 жастағы жігіт белгіленген жолақты кесіп өтіп, қарсы бағытқа шығып кеткен. Соның салдарынан, қарсы беттен келе жатқан «Ниссанға» соғылады. Ал тағы бір машина – ««ВАЗ-2104» тоқтап үлгермегендіктен, алдындағы «Ниссан» көлігіне ұрылады. Осылайша, оқиғаға 3 көлік қатысты болған. Аталмыш жол-көлік оқиғасынан «Тойота-Камри» жүргізушісі мен «Ниссандағы» бір жолаушы мерт болады. Ал «Ниссанды» жүргізген 28 жастағы әйел мен бір жасар қыз және бес жасар ұл бала Ақмола облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілген. Жолдыбай Базар. Дерек көз: «ИА Новости-Казахстан». Фото: Newskaz.ru.