21 Сәуір, 2014

Әлем чемпионаты: бес боксшымыз ширек финалда

239 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

21-14-Boks-Sofya02

СОФИЯ. 21 сәуір. Болгарияның астанасы – София қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының 5 жігіті ширек финалда өнер көрсетеді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. 20 сәуірде аталған чемпионаттың 1/8 финалының кездесулері өтті. Бұл сында біздің сегіз боксшымыз рингке көтеріліп, олардың бесеуі қарсыластарынан басым түсті. 1/8 финалында жеңіл салмақтағы спортшыларымыз сенімді ақтаса, ауыр салмақтағылар жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Жеңіліс тапқан үш боксшының екеуі хорватиялық былғары қолғап шеберлеріне жол берді. Алтын медаль еншілейді деп ерекше үміт артылған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, 69 кило салмақтағы Рахат Маржықпаев қолаға да қол соза алмады. Ал жастар арасындағы Азия чемпионы Темірлан Қабиев (91 кг.) хорватиялық Тони Фелипиден (1:2) жеңіліп қалды. Сол сияқты аса ауыр салмақтағы Елдос Қадырбаев техникалық нокаутпен жеңілді. Қазақстан боксшыларының нәтижелері: 1/8 финалы 49 кило: Шалқар Айқынбай – Джонатан Лопес (Пуэрто-Рико) - 3:0 56 кило: Сұлтан Зауырбек – Айтал Дьяконов (Ресей) – 3:0 60 кило: Абылайхан Жүсіпов – Дорин Букша (Молдова) – 2:1 69 кило: Рахат Маржықпаев – Пртенжак Лука (Хорватия) – 1:2 75 кило: Бекжан Бәкіров – Шамиль Алиев (Әзербайжан) – 2:1 81 кило: Вадим Казаков – Ибрагим Гулиев (Әзірбайжан) – ТКО R3 91 кило: Темірлан Қабиев – Тони Фелипи – 1:2 +91 келі: Елдос Қадырбаев – Дарамни Рок (АҚШ) – ТКО R27 Бүгін ширек финалдық айқастар өтеді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz . Фото: әлем чемпионатының эмблемасы.