Аймақтар • 03 Маусым, 2022

Референдумға дайындық барысы нақтыланды

295 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматыда, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы» ғылыми –зерттеу институты   базасында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бейбіт Исабаев, Ақылбек Күрішбаевтың қатысуымен   Конс­титу­ция­ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған кездесу өтті,  деп жазады Egemen.kz.

Референдумға дайындық барысы нақтыланды

Кездесуде депу­тат­тар референдум жайлы пікірлерімен бөлісті,  ғалымдардың лебізін тыңдады, сондай-ақ  жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.

Кездесу барысында сөз алған сенатор  Бейбіт Исабаев соңғы бірер ел көлемінде кездесулер өткенін, соңғысы Алматыда өтіп жатқанын, ертең түсіндірме жұмыстары тоқтатылғанын    тілге тиек етіп өтті.  Сенатор айтып өткендей, елдің бас құжатына енгізгелі тұрған өзгерістерде екі-үш мәселе бір-біріне жақын. Бұл өзгерістер саяси билік жүйесінде тепе-теңдікті қалыптастыру. Бұл өзгерістер мемлекет басшысының құзіретін Парламентке беруден басталады. Бұл Парламенттің өкілеттілігін күшейтуге  жол ашады.     

«Соңғы онжылдықтардағы жағдай жүйелі проблемалар жиынтығын күрделендіріп жіберді. Саяси экономикалық бәсекелестік болмады. Экономика тізгіні белгілі бір топтың бақылауында болды. Бұл кемшіліктерді біз көрдік. Конституциялық өзгерістер заңды өзгертуден басталады. Ал заңның атасы – Конституция. Референдумнан кейін 50- 60 заңға өзгерістер енеді, 200-ден аса заң күші бар құжаттарға қол қойылады.  Осының бәрі жылдың аяғына дейін жүзеге асуы тиіс» деп атап өтті сенатор Б. Исабаев.

Б. Исабаевтың айтуынша, халық та, мемлекет те таңдау айрығында тұр. Егер, қоғамның жаңаруын қаласақ, тым болмаса Балтық жағалауындағы елдер сияқты заңға мойынсұнған ел болуды қаласақ, балаларымыздың болашағын ойласақ,  өзгерістерді қолдап, дауыс беруіміз керек. Бұл өзгеріс елдің дамуын жаңа бағытқа, жаңа платформаға бұрады. 

Б. Исабаев айтып өткендей, референдумның оң нәтижесінен кейін бірден заман өзгеріп кетеді деп сенуге болмайды. Бізді ескі мен жаңаның теке-тіресі күтіп тұр. Халық ендігі жерде бұрынғыша өмір сүруді қаламайды, ал билік пен байлықты уысында ұстап келгендер қолындағысынан ажырағысы келмейді. Олар да тыныш жатпайды. «Бізді бұл тартыста халықтың ауыз бірлігі ғана тығырықтан алып шығады. Бұл жағдайда ғылыми орта жақсы түсініп отыр. Бұл өзгерістер біздің халқымызға беріліп отырған тарихи мүмкіндік  Конституциядағы өзгерістер  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мандаты.  Бұл мандат қоғамды өзгертуге, әділ, жаңа қоғам орнатуға кепілдік береді.   Бұл мүмкіндікті уыстан шығарып алсақ,  ескі сүрлеуге қайта ораламыз. Мұндай жағдайда ешкімді кінәламаймыз, және өкпе арту да кеш болады» деп  сөзін түйіндеді Б. Исабаев.

Отырыс барысында сенатор Ақылбек Күрішбаев өзгерістер парламенттік мемлекетке өтудің алғашқы қадамы екенін айтты. Халықтың таңдауы бойынша өзгеріс енгізілетін Ата Заң парламенттік мемлекет, демократиялық ел екенімізді куәландыратын басты төлқұжат болады. Референдумға қатысушылар дауыс беру күніне дейін Конституцияның өзгеріс енгізілетін 33 бабын оқып, ондағы 56 өзгеріс туралы білуі керек. «Конституциялық өзгерістеріміздің бәрі жан-жақты талданды, заңгерлер, қоғамдық институттар қарады. Ең бастысы, бұл өзгерістер ең дамыған мемлекеттердің Конституциясына сәйкес келеді. Біз сол демократиялық елдердің жолымен келе жатырмыз. Мен осы тұста  Оңтүстік Кореяны тәжірибесіне назар аударғым келеді. Супер президенттік мемлекеттен парламенті мықты мемлекетке айналды. Шығыс Еуропа, Балтық жағалауы елдері де осындай Конституциямен келе жатыр. «Конституциямыз, мемлекетіміздің темірқазығы. Алдымен сол қазықты түзеп алуымыз керек. Сондықтан қазіргі өзгерістер соған тікелей байланысты. Негізін дұрыстаған соң қоғамда да, экономикада да оң өзгерістер болады», деп сөзін  түйіндеді сөзін  сенатор Ақылбек Күрішбаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар