Елорда • 04 Маусым, 2022

Қалалық субұрқақтарда неге шомылуға болмайтыны айтылды

292 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы субұрқақтарда неге шомылуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық субұрқақтарда неге шомылуға болмайтыны айтылды

«Жазғы маусымда субұрқақтар қала тұрғындарының назарын аударатын орынға айналады. Ал кейбір тұрғындар субұрқақтың жанында серуендеп қана қоймай, оған шомылып жатады. Алайда, олар осылайша денсаулығына қауіп төндіретін біле бермейді. Субұрқақтағы су жиі жаңартылмайтынын ескерген жөн. Осыған байланысты вирустық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі жоғары. Сондай-ақ, субұрқақта қаңғыбас иттер мен құстар шомылады. Олар әртүрлі инфекциялардың қоздырғышы болуы мүмкін. Оның үстіне, жоғары ауа температурасында судағы микроорганизмдер тез көбейеді. Сондықтан субұрқақта шомылу суық тию қаупімен ғана емес, өткір ішек инфекциясына немесе конъюнктивитке де айналуы мүмкін. Сонымен қатар, энтеровирустық және ротавирустық инфекциялар, сондай-ақ А вирустық гепатиті үлкен қауіп төндіреді», деді ол.

Оның айтуынша, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық маусымда, мамырдан қыркүйекке дейін зертханалық зерттеулерге су сынамаларын ала отырып, субұрқақтардың су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған. Атап айтқанда, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарында орналасқан («Жастар» сарайының жанындағы субұрқақ, «Есіл» СҮ ауданында, сондай-ақ Пушкин скверінде және Абай даңғылында) санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша субұрқақ кешендерінің суында бұлдырлық бойынша рұқсат етілген мәннің 1,1-1,7 есе артуы белгі болған. Сондай-ақ, Ә.Молдағұлова ескерткіші мен «Жастар» театры маңындағы «Атырау» субұрқақ кешендерінің суында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталған.

«Субұрқақта жүзу кезінде жарақат алу қаупі де жоғары. Фонтанның бетінде әдетте астыңғы жарық, ағынды саптамалар, жай саптамалар орналасады. Қосылған коммуникациялардың кесірінен механикалық және электр жарақатын алуыңыз ықтимал. Осыған байланысты, астаналық СЭБД ата-аналарды балаларына қауіпсіздік және жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін түсіндіруге шақырады. Ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз және оларға күн сайын шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылу өте қауіпті екенін ескертіңіз», деді Сархат Бейсенова.