Қоғам • 04 Маусым, 2022

34 лагерь балаларды қабылдауға дайын

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні қала сыртындағы 234 лагерь санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бақылауында. Оның ішінде жыл бойы жұмыс істейтіні - 18. Қалған 216-сы - маусымдық. Жыл бойы қызмет көрсететін ұйымдар санэпид қорытындыны объектіні пайдалану алдында бір рет, ал маусымдық лагерьлер сауықтыру кезеңі басталғанға дейін алуы қажет, деп хабарлайды Egemen.kz  inform.kz-ке сілтеме жасап.


 

34 лагерь балаларды қабылдауға дайын

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің интернет ресурсындағы «Комитет туралы Құжаттар» бөлімшесінде балаларды сауықтыру ұйымдарының тізбесі жарияланған.

Қазіргі таңда 34 лагерь балаларды қабылдауға дайын. Алдын ала деректер бойынша алдағы сауықтыру маусымында 12 лагерь қызмет көрсетпейді. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған сауықтыру ұйымдары туралы мәлімет аумақтық білім басқармаларына жолданады.

Бұл балалардың рұқсаты жоқ лагерьде демалуына жол бермеу мақсатында жасалады. Комитеттің аумақтық бөлімшелері балалардың демалуы үшін қауіпсіз орындарды таңдау мәселесі бойынша ата-аналар арасында түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар комитет шұғыл желі жұмысын іске қосты.

Қандай да бір кемшілік анықталған жағдайда мына нөмірге жүгінуге болады:

8 (7172) 74-18-64.