Руханият • 04 Маусым, 2022

Әнұранды орындауға арналған республикалық акция өтті

727 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған бірыңғай республикалық акция аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 150 қызметкері Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, мерекелік көрсетілім ұйымдастырды деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әнұранды орындауға арналған республикалық акция өтті

Шара барысында министрлік ғимаратында Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай ресми рәміздер бейнеленген мерекелік баннер көтеріліп, ту ілінді.  ҚР ИИДМ  Аппарат басшысы Ерболат Мұқаев құттықтауын айтты.

«Сіздерді еліміздің мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Олар мемлекеттің көзге көрінбейтін негіздерінің бірі, ал мемлекеттік рәміздерге зор және құрметпен қарау – мемлекет дамуының құрамдас бөлігі. Осы атаулы күні барлығыңызға денсаулық, табыс, елімізге амандық тілеймін», деді Е.Мұқаев.

Шара патриоттық флешмобпен жалғасты. Бөлім қызметкерлері өлшемі 8×4 метр болатын үлкен жалауды жайып, сонымен қатар 30 символдық санын бейнеледі. Басты мақсат – жастардың патриотизмін нығайту, Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау.

Еске сала кетейік, осыдан тура 30 жыл бұрын, 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілген болатын.  Бұл күн жаңа мемлекеттік рәміздеріміз – Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның туған күні ретінде тарихта мәңгі қалады.  Республикамызда Мемлекеттік рәміздер күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» және 2007 жылғы 4 маусымдағы «Жарлыққа өзгеріс енгізу туралы» Жарлығына сәйкес аталып өтіледі.