Референдум • 05 Маусым, 2022

Референдумға жалпы сайлаушылардың 43,70%-ы дауыс берді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусым сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 43,70%-ы бюллетень алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдумға жалпы сайлаушылардың 43,70%-ы дауыс берді

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 37,03%, Алматы қаласы бойынша – 20,14%, Шымкент қаласы бойынша – 44,61 %.

Айта кетерлігі, референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған. 

Барлығы республика бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы.