Референдум • 05 Маусым, 2022

Ақтауда 5 000-ға жуық сарбаз дауыс берді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері жалпыұлттық референдумда өз таңдауын жасап, дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Ақтауда 5 000-ға жуық сарбаз дауыс берді

Теңіз жаяу әскери бригадасында орналасқан № 61 сайлау учаскесі ашылуы мемлекеттік әнұран айтумен есігін ашты. Сап түзеген сарбаздар әскери бөлімнің мәдени демалыс орталығындағы сайлау учаскесінде еліміздің жарқын болашағы үшін   дауыс берді.  

Қатысушылардың басым бөлігі алғаш рет дауыс берген. Солардың бірі, 6 ай бұрын әскерге Алматы облысынан шақырылған Нұрдаулет Нұрлыбеков.

«Бүгін ерекше күн. Себебі Қазақстан Республикасының азаматы ретінде алғаш рет дауыс беру құқығымды пайдаланып тұрмын», деді қатардағы жауынгер Нұрдаулет Нұрлыбеков.

Әскери бөлімде референдум өткізуге барлық жағдай жасалған. Сайлау жәшіктері мен онға жуық дауыс беруге арналған кабиналар бар.

​«Бүгін еліміз үшін тарихи маңызды күн, осы күні әр сарбаз Отанымыздың болашағы үшін өзіміздің таңдауымызды жасадық», деді қатардағы жауынгер Арқат Рахыш.