Референдум • 05 Маусым, 2022

16:00-дегі жағдай: 7,1 млн қазақстандық референдумда дауыс берді

3873 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 7 127 366 адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

16:00-дегі жағдай: 7,1 млн қазақстандық референдумда дауыс берді

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың келуі мынадай: Ақмола облысы – 65,11, Ақтөбе облысы – 53,52, Алматы облысы – 66,58, Атырау облысы – 56,19, Батыс Қазақстан облысы – 57,70, Жамбыл облысы – 67,36, Қарағанды облысы – 68,69 , Қостанай облысы – 69,18, Қызылорда облысы – 72,26, Маңғыстау облысы – 53,13, Павлодар облысы – 64,58, Солтүстік Қазақстан облысы – 69,80, Түркістан облысы – 72, Шығыс Қазақстан облысы – 68,30, Нұр-Сұлтан қаласы – 48,40, Алматы қаласы – 25,95, Шымкент қаласы – 63,34 пайыз. Жалпы, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 7 127 366 азаматы бюлетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 60,80 пайызын құрап отыр», деді Асылбек Смағұлов.в

Орталық референдум комиссиясы ел тұрғындарының сайлау учаскелеріне келуіне қатысты келесі деректі сағат 18.00-де ұсынады. Естеріңізге сала кетейік, сағат 14.00-де 6 262 973 адам дауыс берген еді.