Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Ұлықбек Есдәулет Түркияда жүріп, референдумға қатысты

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет Анкарада жүрген жерінен референдумға дауыс бергенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлықбек Есдәулет Түркияда жүріп, референдумға қатысты

Ақын түрік жұртының астанасында Қазақстан елшілігіне барып, референдумға дауыс бергені туралы Facebook парақшасында жазды.

«Бас кенттегі сайлауға жұрт үздік-создық келіп, Ата заңға үн қосуда. Жалпы бұл бауырлас елде Анкара, Ыстанбұл, Анталияда үш сайлау уческесі жұмыс істеп жатыр», деп жазды Ұлықбек Есдәулет.

Алматыдағы референдум учаскесінде дауыс берген М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Юрий Якушевтың айтуынша, бүгінгі саяси науқан өте маңызды.

«Бүгінгі референдум арқылы мемлекет әр адамға өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуге мүмкіндік берді. Өйткені біздің алдағы келешек өміріміз осыған байланысты болады. Менің ойымша, бұл - маңызды азаматтық, саяси борыш», дейді Юрий Якушев.