Бүгінгі жалпыхалықтық референдум барысын баяндайтын марафонда Бас прокуратура өкілі Азамат Серғазин саяси науқанға дайындық пен дауыс беру барысында құқық бұзу әрекеттері байқалмағанын айтып өтті.
«Осы сәтте дауыс беру нәтижесіне әсер ететін құқық бұзу фактілері болған жоқ. Әлеуметтік желілерде референдум учаскелерінде дауыс беру туралы әртүрлі хабарламалар тарағанын көрдік. Тексеру кезінде олардың көбі расталмады. Әлі де тексеру жүріп жатыр. Бүгін прокуратура органдарына азаматтардан 6 өтініш келіп түсті. Оның біреуі - Бас прокуратураға, сондай-ақ ШҚО мен БҚО және Ақтөбе облыстық прокуратурасына бағытталды», дейді Азамат Серғазин.