«Орталық референдум комисссиясы астана уақытымен сағат 22.00-де еліміздің барлық өңірінде және 25 шетелдік учаскеде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанындағы 40 учаскеде дауыс беру әлі де жалғасып жатыр. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған алдын ала деректері бойынша азаматтардың референдумға қатысу статистикасы мынадай болды: Ақмола облысы – 73,81, Ақтөбе облысы – 58,06, Алматы облысы – 72,83, Атырау облысы – 67,68, Батыс Қазақстан облысы – 69,37, Жамбыл облысы – 69,59, Қарағанды облысы – 77,39, Қостанай облысы – 72,28, Қызылорда облысы – 79,89, Маңғыстау облысы – 61,19, Павлодар облысы – 75,53, Солтүстік Қазақстан облысы – 75,49, Түркістан облысы – 80,66, Шығыс Қазақстан облысы – 77,49, Нұр-Сұлтан қаласы – 57,06, Алматы қаласы – 33,30, Шымкент қаласы – 72,53 пайыз», деді Мұхтар Ерман.
Оның айтуынша, еліміз бойынша референдумға қатысу мүмкіндігі және құқығы бар азаматтардың тізіміне 11 734 6429 адам енгізілді. 8 030 739 азамат бюллетень алды. Бұл дауыс беруге арналған тізімге енгізілген азаматтардың 68,44 пайызын құрайды
«Референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Ертең аумақтық комиссиялар хаттамаларының электронды түрде түсуін күтеміз. Дауыс берудің алдын ала қорытындылары брифингте ұсынылады. Оның уақыты қосымша жарияланады», деді Орталық референдум комиссиясының хатшысы.