Экономика • 06 Маусым, 2022

Мұнай бағасы күрт өсті

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабиясы шілдеде мұнай бағасын күрт көтергеннен кейін мұнай қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұнай бағасы күрт өсті

Дүйсенбіде сауданың басында Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,5 пайызға, барреліне 121,52 долларға дейін өсті. West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай фьючерстері үш айдағы ең жоғары көрсеткішке жетіп, 1,4 пайызға, барреліне 120,50 долларға дейін өсті.

Aramco мемлекеттік мұнай компаниясының мәліметінше, Сауд Арабиясы араб мұнайының Азияға ресми сату бағасын (OSP) маусымдағы Оман мен Дубайдағы орташа 4,40 доллармен салыстырғанда, 6,50 долларға үстеме ақымен көтерген.

Бұл қадам мұнай экспорттаушы елдер мен ОПЕК+ деп аталатын одақтас ұйымның шілде-тамыз аралығындағы өндірісті күніне 648 мың баррельге немесе бұрын жоспарланғаннан 50 пайызға арттыру туралы шешіміне қарамастан жасалған.