Теннис • 06 Маусым, 2022

Рафаэль Надаль Роллан Гаррос турнирін он төртінші рет ұтып алды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испаниялық 36 жастағы Рафаэль Надаль Парижде Ролан Гаррос турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рафаэль Надаль Роллан Гаррос турнирін он төртінші рет ұтып алды

Р.Надаль финалда норвегиялық Каспер Руудты 6:3, 6:3, 6:0 есебімен ұтты. Осылайша, испаниялық спортшы Франция ашық чемпионатын он төртінші рет ұтып, топырақ төсенішіндегі өзінің теңдесі жоқ теннисші екендігін дәлелдеді. Ол ерлер арасында Ролан Гаррос турнирінің ең жасы үлкен жеңімпазы болды.

Жарыс барысында Надаль үздік ондыққа кіретін төрт ойыншыны, соның ішінде әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичті жолдан тайдырды. Осымен, «Үлкен дулыға» турнирлерін 22 рет ұтқан Р.Надаль спорттық жолын жалғастыратынын мәлімдеді.

Бір жылда ол Аустралия және Франция ашық чемпионатында үздік шықты. Әйелдер арасында әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Свентек Ролан Гаррос додасының екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол 35 матч бойы жеңілмей келеді. Бұл жөнінен америкалық Винус Уильямсті қуып жетті.

Ролан Гаррос жарысында Қазақстаннан Елена Рыбакина үшінші айналымға дейін жетіп, былтырғы көрсеткішін (ширек финал) қайталай алмады.



 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35