Қазақстан • 06 Маусым, 2022

ІІМ Қазақстан өңірлеріндегі кадрлық тағайындаулар жайын түсіндірді

728 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық гвардияда, Павлодар, Нұр-Сұлтан полиция департаменттерінде және Шымкент аудандық полиция басқармасында бірқатар кадрлық тағайындау болды. Бұл туралы брифингте ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ІІМ Қазақстан өңірлеріндегі кадрлық тағайындаулар жайын түсіндірді

«ІІМ жүйесінде кезекті ашық кадрлық тағайындаулар өтті. Ведомство басшылығы полиция басқармаларының басшылары, полиция департаменті бастығының орынбасарлары және Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымдарына кандидаттарды жеке зерттеді», деді Шұғыла Тұрлыбек брифинг барысында.

Оның айтуынша, ұсынылған үміткерлердің әрқайсысы тағайындаудың жаңа форматы аясында бөлек қаралды.

Мысалы, бірінші кезекте министр мен оның орынбасарлары ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары лауазымына Қайрат Үмбетовтің кандидатурасын қарастырды.

Кандидатураны қарау кезінде Қайрат Үмбетов жедел қызмет сарбазын денесімен граната жарылысынан жауып, түрлі жарықшақты жарақаттар алғанын еске салды.

Сондай-ақ ішкі істер министрінің бұйрығымен:

Нұр-Сұлтан ПД бастығының орынбасары лауазымына Қуаныш Орынбетов;

Павлодар ПБ бастығы лауазымына Ермек Әлжанов;

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық ПБ бастығы лауазымына Алмас Әмзеев тағайындалды.