«Мұнай және газ өндіруші елдердің экономикасын әртараптандыру мұнай-химия өнеркәсібін құруға тікелей байланысты. Сол арқылы қосылған құн тізбегін ұзарту әлемдік үрдіске айналып отыр. Мұнай-газ-химия бөлігінде бүгінде майлау материалдары, полипропилен, метил-трет-бутил эфирі, бензол және параксилол өндірілуде. 2021 жылы Шымкент қаласында қуаты 57 мың тонна октан күшейткіш қоспаларын өндіру зауыты іске қосылды. Сондай-ақ Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымдық нысандары толығымен іске қосылды», деді ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, бұл бағытта тағы бірнеше жоба қолға алынады.
«Сонымен қатар жылына шамамен 1 млн тонна полиэтилен шығаратын, жылына 1,25 млн тонна полиэтилен терефталат пен терефталат қышқылын өндіретін және жылына 186 мың тонна бутадиен өндіретін кәсіпорындар құру жобалары жоспарда бар», деді министр.
Сондай-ақ ол 180 күн өткен соң сұйытылған газ бағасын қалай реттейтінін айтты.