ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, құрмет тұғырының жоғарғы сатысына Нұрқанат Серікбаев (60 келі) пен Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі) көтерілді.
Мерей Маханбетов (60 кг) пен Аида Тойшыбекова (78 кг) Еуропа Кубогының күміс медалін жеңіп алды. Максим Мейрлан (81 келі) мен Есмигүл Кулова (63 келі) турнирдің қола жүлдегері атанды.
Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы Еуропа Кубогының жалпы командалық есебінде екінші орынға ие болды.