Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, конституциялық реформалар еліміздің саяси және экономикалық тыныс-тіршілігін жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті Өзбекстаннан келген өкілетті делегацияның референдум барысын бақылауға қатысқанын айтты.
Екі мемлекеттің басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің және одақтастықтың дәйекті түрде дамып келе жатқанына көңілдері толатынына тоқталды. Екіжақты тауар айналымының көлемі қарқынды түрде ұлғайып келеді. Атап айтқанда, оның көрсеткіші бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 30 пайызға артып, 1 миллиард доллардан асқан.