Жүлде қоры 770 мың еуроға бағаланған жарыста А.Бублик аустралиялық Ник Кирьоспен бірге бастапқы кездесуін аустриялық Филипп Освальд – мексикалық Ханс Хач Вердугомен өткізді.
Қазақстандық-аустралиялық жұп 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады. Бүгін Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик жекелей сында да өнер көрсетеді. Оның алғашқы қарсыласы – дүниежүзілік рейтингте 77-орында тұрған америкалық Денис Кудла.
Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов Италияда Перуджа челенджер жарысының екінші айналымына шыға алмады. Қазақстандық теннисші италиялық Флавио Коболлиге жол берді – 6:7 (4:7), 3:6.
Денис Евсеев Орландо (АҚШ) челленджер додасының алғашқы айналымында жапониялық Ясутака Утиямадан жеңіліп қалды – 6:3, 3:6, 2:6.