Қаржы • 07 Маусым, 2022

Доллар бағамы төмендеді

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллар бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Доллар бағамы төмендеді

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,37 теңгеге төмендеп, 429,41 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 7 маусымдағы ресми бағамы 431,88 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы - 430,70 теңге, ал сатылымда - 434,18 теңге. Ал Нұр-Сұлтанның айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 420,79 теңгеден сатып алып, 432,02 теңгеден сатып жатыр.