Оқиға • 07 Маусым, 2022

Ақтөбелік тұрғын танымал арақ брендтерін үйде әзірлеп келген

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері алкоголь өнімін қолдан жасап сататын астыртын цехты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбелік тұрғын танымал арақ брендтерін үйде әзірлеп келген

Күдікті өз үйінде әртүрлі атаудағы алкоголь өнімдерін өндіруді ұйымдастырып, дайын өнімді жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды, кейіннен Ақтөбе қаласында сатуды ұйымдастырған.

Тінту кезінде жалған акциздік маркалары бар «Qazaq aragy», «Синяя гора» және «Немирофф» дайын алкоголь өнімі, жасанды өнімді буып-түюге арналған құрылғылар табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.