Бүгін, яғни 8 маусым күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығы күшіне енеді.

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»
Осы тарихи оқиға қарсаңында өткен аппараттық кеңесте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жаңадан құрылған облыстың бірі – Ұлытау өңіріне қызмет етуге баратын әріптестері алдында сөз сөйлеп, оларға бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты.
Өңір басшысы Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары және Ұлытау, Жаңаарқа аудандарын мекен еткен тұрғындар үшін өзекті мәселелердің шешімін тапқанын бірлесе атқарған жұмыстың нақты жемісі деп бағалады. Сонымен қатар ол жаңа облыстың болашағы зор екенін және оның өңірдің дамуына игі ықпалын тигізетініне сенім білдіретінін атап өтті.
– Сіздер жаңа өмірге қадам басқалы тұрсыздар. Осынау шешуші сәтте сәттілік тілеймін, – деді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ өңір басшысы әкімшілік-аумақтық бөліністің екі облыстың экономикасына қандай әсерін тигізетіні жөніндегі сұраққа да егжей-тегжейлі жауап берді. Ең алдымен ол өңірлерді бөлгеннен Қарағанды облысы да, Ұлытау өңірі де еш ұтылмайтынын атап өтті.
– Бюджетке түсетін салықтар мен республикалық жарна пропорционалды түрде бөлінеді. Қарағанды облысына жоғары тұрған бюджеттен түсетін салықтар мен трансферттер аумақтық жағынан Ұлытау облысы құрылған аймақтарға түседі. Қалғанының бәрі облыстардың өздерінің кірісі, – деп түсіндірді Ж.Қасымбек.
Бұдан бөлек, ол қазіргі уақытта «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған қаласына кәсіпорындарын қайта тіркеуден өткізіп жатқанын айта келіп, жаңа облыс пен Жезқазған қаласының дамуына игі ықпалын тигізетін алғышарттардың жеткілікті екеніне назар аударды. «Екі өңір де экономика құрылымы мен халқының саны жағынан ұқсас болады», деп ой тұжырды облыс әкімі.
Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Жезқазған өңірінде үш ірі жоба қолға алынған. Соның ішіндегі ең маңыздысы – ұзындығы 43 шақырымды құрайтын «Үйтас-Айдос» су құбырын қайта жаңғырту. Бұл жоба жүзеге асқанда, бұрыннан бері қала тұрғындарын қинап келе жатқан сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін табады.
Одан кейінгі Жезқазған-Ұлытау өңірінің халқын толғандырып келе жатқан ірі мәселенің бірі – жол проблемасы. Бұл тұрғыда облыс әкімі ұзындығы 208 шақырым болатын «Қызылорда – Жезқазған» жолы және «Жезқазған – Қарағанды» тас жолының 513 шақырымын қайта жаңғырту жоспарланғанын жеткізді. Қазіргі уақытта Қызылорда – Жезқазған бағытында мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр екен. Ал Жезқазған – Қарағанды жолы бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірлену үстінде.
Аппарат жиынын қорытқан облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа Ұлытау облысының құрылуы бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай өңірлердің экономикалық-әлеуметтік тұрғыда дамуына тың серпін беретінін сенімді түрде мәлімдеді.
Ал мұның алдында Қарағанды облыстық мәслихаты өзінің кезектен тыс XIV сессиясын өткізіп, Ұлытау облысының құрылуына байланысты мәслихатты қайта ұйымдастыру туралы шешімді талқылаған болатын. Осы құжатқа сәйкес, құрамында 26 депутат бар Қарағанды облыстық мәслихатына және 12 депутаттан тұратын Ұлытау облыстық мәслихатына бөлу арқылы Қарағанды облысының мәслихатын қайта ұйымдастыру ұсынылып, ол бірауыздан қабылданды. Айта кететін бір жайт, әкімшілік-аумақтық бөлініс кезінде мәслихат депутаттарының тұрғылықты жері мен ресми тіркелген мекенжайына назар аударылды.
Қарағанды облысы
Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Әскери қызметші қарт кісіні өрттен құтқарып қалды
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
Экономика • Кеше
Ақтөбеде қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті
Аймақтар • Кеше
5375 адам шетелден әкелінген көлігін сәтті заңдастырды
Қазақстан • Кеше
Атырау облысында жол апатынан жолаушы қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Өзбекстан азаматынан психотроптық заттар тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Қазақстан • Кеше
Елімізде ет консервілерінің өндірісі артты
Экономика • Кеше
Таразда 19 жастағы қыз биік ғимараттан секіріп кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек енгізілді
Қазақстан • Кеше
Павлодарда автобус пен екі автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Кеше
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Кеше
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Кеше
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Кеше
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2023
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Бокстан АЧ: Әскер боксшылары «алтын» және «қола» жүлде алды
Бокс • 27 Қаңтар, 2023
Сенатта мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселелері талқыланды
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 27 Қаңтар, 2023
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • 27 Қаңтар, 2023
СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасына 190 квота бөлінді
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
«ҚазМұнайГаз» шетелдік активтерінің тиімділігін арттырады
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Ұқсас жаңалықтар