Қаржы • 08 Маусым, 2022

Қаржы пирамидасына алданғандар 600 млн теңгесінен қағылды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы 5 айда қаржы пирамидаларына қатысты тіркелген қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер 600 млн теңгеден астам қаржысынынан айырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы пирамидасына алданғандар 600 млн теңгесінен қағылды

«Ішкі істер органдарында Қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржы пирамидалары) бойынша тіркелген істердің жалпы шығыны 600 млн теңгеден асады», деп хабарлады ІІМ мамандары.

2022 жылдың 5 айында ішкі істер органдарында қаржы пирамидалары бойынша 27 қылмыстық іс тіркелді. Оның жетеуі Қаржы мониторингі агенттігіне жолданған. Компаниялардың үстінен жедел тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 32 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның 14-і қамауда отыр.