Туризм • 08 Маусым, 2022

Өзбекстан билігі елге кіру ережелерін жеңілдетті

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанға сапар шегуге ниеттенген туристер үшін 10 маусымнан бастап коронавирусқа қатысты барлық шектеулер алынып тасталады. Бұл туралы Өзбекстанның Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Өзбекстан билігі елге кіру ережелерін жеңілдетті

Республиканың арнайы комиссиясы бұл шешімді Туризм және мәдени мұра министрлігінің, Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық қызметінің ұсынымдарын ескере отырып қабылдады.

«Осыған байланысты шетелдік туристерден коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесін, антигендерге жедел тест және вакцинация туралы сертификат немесе төлқұжат беруді талап ететін ережелер алынып тасталады», деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.