Әлем • 08 Маусым, 2022

Гвинеяда құс тұмауы өршіп тұр

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Гвинеядағы құс фабрикаларында құс тұмауы (H5N1) өршіп барады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гвинеяда құс тұмауы өршіп тұр

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы елдің батысындағы құс фабрикаларында құс тұмауының 6 ошағы анықталғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл індет негізінен құс фабрикаларында жиі кездеседі.

Биыл сәуір айының соңында Қытайдың Хэнань провинциясында да (Орталық Қытай) H3N8 құс тұмауы вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталған еді.